Меню KDT

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

ЦЕНТР МЕТОДИЧЕСКОЙ РАБОТЫ И ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ

block2_eop.png?_=1713182044

введите текст

КОНКУРС 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы

«Атырау қаласы Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылға арналған жаңа орындарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.

Құжаттар 2025 жылғы 23–25 шілде аралығында (қоса алғанда), жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00–14:30) Атырау қаласы, Азаттық көшесі 65А, 1-қабат, 7-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта арқылы ұсынылады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 16 жұмыс күн ішінде конкурстық рәсімдер жүргізіледі.

Қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Алгоритмнің 10-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтініш;

  • Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолы мен мөрімен расталған бейнебақылау жүйесі, автоматты өрт дабылы жүйесі, дабыл түймесі, дауыс зорайтқыш хабарлау жүйесі және домофон жүйесінің бары туралы ақпарат;

  • Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен жасалған шарт (үш топқа дейінгі сыйымдылық болған жағдайда);

  • Педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының және штаттық кестенің көшірмелері;

  • Ғимаратты/үй-жайды жалға алу шартының көшірмесі (болған жағдайда).

Қосымша ақпарат: adilet.zan.kz

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь